Жамбыл облысында екі қария газдан уланып көз жұмды

http://edinstvo.by
Марқұмдардың бірі 89-да, екіншісі 83 жаста болған.

Шу ауданында екі қарт адам газдан уланып қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 қаңтар күні Шу ауданының Қонаев ауылындағы жеке үйлердің бірінде қатты отын жағатын пештегі ақау салдарынан екі азамат иіс газынан уланып, қаза тапты", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Марқұмдардың бірі 89-да, екіншісі 83 жаста болған.

"Оқиға орнына ТЖД және кезекші жедел тергеу тобының қызметкерлері шұғыл жетті. Соңғы кездері жеке сектор үйлеріндегі пештерді, жылу қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан қайғылы жағдайлар жиі туындап жүр. Атап айтқанда 27 қаңтар күні облыс орталығындағы жеке үйлердің бірінде 37 жастағы азамат иіс газынан уланып, қаза тапқан болатын", - дейді департамент өкілдері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды