Алматы облысында 15 жастағы жеткіншек жаяу адамды қағып кетті

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Көлік астына түскен адам сол жерде қаза тапқан.

Алматы облысының полицейлері ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен 15 жасар оқушыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қаңтар күні Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров кентінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Дене жарақатына қарап, марқұм жол-көлік оқиғасының нәтижесінен көз жұмуы мүмкін деген болжам жасалды. Сонымен қатар, іздестіру барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан белгісіз автокөлік бөлшектерінің сынығын тапты.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктің түсі мен маркасы анықталды. Жергілікті тұрғынды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан "Хонда Одиссей" маркалы автокөлігін сол кезде 15 жасар жасөспірім басқарғаны анықталды. Автокөлікте жол-көлік оқиғасынан пайда болған белгілер табылды. Қажетті сараптамаларды тағайындау үшін қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады ведомства өкілдері.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345, 347 және 349-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр