Алматы облысының полицейлері қолды болған ішіктерді тауып, иесіне қайтарды

Алматы ПД баспасөз қызметі
Өзгенің еншісінде кеткен ішіктің саны 13 құрап отыр.

Алматы облысының полиция қызметкерлері қолды болған ішіктерді тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 31-қаңтар күні Панфилов ауданының Нұркент ауылында орын алған. Белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның үйінен 13 бағалы құндыз ішікті қолды қылған. Жедел іздестіру шаралары барысында 20 және 23 жастағы екі азаматша қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Анықталғанындай, жәбірленушіге 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

"Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті анықталып, ұсталды. Олар өз кінәсін толығымен мойындап, ұрланған 13 ішік заңды иесіне қайтарылды. ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлап отыр Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті азаматшалар мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен үйлеріне босатылды. Аталған деректі тергеу ісі Панфилов ауданы полициясының өндірісінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді