Бес баланың өлімі. Мәдениет қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады

Ашық дереккөздерден
Әке-шеше, туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын, берік болыңыздар - Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрлігінің ұжымы бір күндік жалақыларын Астанада өрттен қаза тапқан бес баланың отбасына аудармақ. Бұл туралы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тағы ресми аккаунтында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Астанада бес бірдей қыз баланың қазасына қатты қапаланып отырмын. Балаларынан айырылып, қанаттары қайырылған отбасына қолдау көрсету керек деп санаймын. Министрлігіміздің ұжымы ақылдаса келе бір күндік жалақымызды аударамыз деп шештік. Әке-шеше, туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын, берік болыңыздар", - деп жазды Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде "Сарыарқа" ауданындағы "Көктал-1" тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй жанып кеткен. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала көз жұмды.

Бүгін Қазақстан Президенті қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты. Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 5 баланың өмірін жалмаған өрттің неден шыққанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр