Назарбаев: Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар

Zakon.kz
Тынышталып, дұрыс жұмыс істейік - президент.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Baq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Конституциялық кеңеске берген өтінішіме байланысты қысқа ғана жауап қайтарғым келеді. 1995 жылдан бері, яғни Конституция қабылданғалы бері Конституциялық кеңеске 200 өтініш келіп түскен. Олардың 22-сі - менің президенттік өтініштерім. Бұл қалыпты процесс. Конституциялық Кеңес те сол үшін құрылған. Кеңестегілердің Конституциядағы, заңдардағы кемшіліктерді талқылауға құқығы бар. Әрине, бұл барлығы үшін қызық... Ең қызық деген сұрақтар - сайлау, транзит. Конституцияны оқыңыздар, Президент жайлы заңдарды оқыңыздар. Онда барлығы нақты көрсетілген. Мерзім келгенде сайлау өтеді. Иә, Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар. Бірақ бізде олай болмайды. Тынышталып, дұрыс жұмыс істейік", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Конституциялық Кеңестің Президенттің өтінішін қабылдағаны жайлы хабарланған болатын. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз