Болгария билігі Қазақстанға 382 млн теңге ұрлаған қазақстандықты экстрадициялады

Optimizm.kz
Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Болгария билігі Қазақстанға іздеуде жүрген адамды ұстап берді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 7-ақпан күні, Астанада Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады.

"Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы "Central Azia Cement" АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн теңге көлемінде ақша жымқырғаны үшін айыпталып отыр",- деп хабарлады бақылау органы.

Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Адамды экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының болгарлық әріптестерімен үйлесімді жұмыс жасауының арқасында жүзеге асқан.

Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды

Қазақстан боксшылары Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады