ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

primeminister.kz
Бұл қызметке Елдос Рамазанов келді.

Қазақстан Респубиликасы Үкіметінің қаулысымен Елдос Рамазанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Е. Рамазанов 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, ұлттық компанияларда жұмыс істеген.

2004–2006 жылдары — Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған.

2018 жылғы ақпаннан бастап "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" ЗТБ төраға кеңесшісі, бас директор лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы маусымда "Ұлттық Олимпиада комитеті" ҚБ бас хатшысының орынбасары болып тағайындалған.

2018 жылғы қазан айынан бастап — "Дзюдо федерациясы" РҚБ вице-президенті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді