Министрдің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі тағайындалды

ІІМ Баспасөз қызметі
Бұл орынға ҚР Бас прокуратурасының аппарат басшысының бұрынғы орынбасары жайғасты.

Бүгін,18-ақпан күні Ішкі істер министрлігінде министрдің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі – Баспасөз хатшысы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың бұйрығымен аталған лауазымға Ораз Нұрділдә Серікұлы тағайындалды.

Н. Ораз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ІІМ Қарағанды академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та (Калифорния, Флорида) білім алған. Мамандығы бойынша журналист, заңгер.

Н.Ораз бұдан бұрын "Қазақстан", "31 арна", "Астана" республикалық телеарналарында тілші, редактор болып жұмыс істеді, Астана қаласының ІІД Баспасөз қызметінің бастығы, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, ҚР Бас прокуратурасы аппарат басшысының орынбасары және ресми өкілі, "ОРТ-Еуразия" телеарнасы директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Министр Е. Тұрғұмбаев жаңа тағайындалған кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі – Баспасөз хатшысына БАҚ-пен жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруда жемісті еңбек тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек