Сейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы күтіледі

pxhere.com
Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

19-ақпан күні Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, осыған байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күшеюі түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, Ақмола облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-22, Шығыс Қазақстан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты