Астана мектептерінде екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ тоқтатылды

Pixabay
Елордада жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен жел соғып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен дауыл соғады деп күтілуде.

Астана қалалық Білім басқармасы екінші ауысымда білім алатын 0-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"19.02.2019 жылы ауа-райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды",- деп хабарлап отыр Басқармадағылар.

"Қазгидромет" РМК 18-20 ақпан күндері Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен жел соғып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен дауыл соғады деп хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды