"Ил-103, Бе-103". Қазақстан 2021 жылы ұшақтар құрастыра бастайды

(c) Анатолий Бурцев / russianplanes.net
Әуе кемелері Индонезия, Филиппин және Аргентинаға экспортталмақ.

Қазақстанда көпмақсатты жеңіл Ил-103М және Бе-103М ұшақтарын, сондай-ақ жақын қашықтықтарға ұшатын Бе-132 ұшағын құрастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz lsm басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің хабарлауынша, ол зауыттың құрылысын 2019 жылдың соңғы тоқсанында бастау жоспарланған.

"Ұшақтарды Қазақстанның авиациялық зауыты Бериев атындағы Таганрог авиациялық ғылыми-техникалық кешені мен Ильюшин атындағы авиациялық кешенмен бірлесе отырып, жеке инвестициялардың көмегімен шығарады, деп жоспарлануда. Бұл толық циклді (дәнекерлеу, бояу, құрастыру және сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар кешенінен тұратын) өндіріс болады ", – делінеді әкімдіктің жауабында.

Зауыт 2021 жылы іске қосылады, бірінші кезеңі – 2020 жылы ашылмақ.

Жобаға сай, зауыт жылына 35 дана Ил-103М борттарын, 20 дана Бе-103М ұшақтарын шығармақ. Сонымен қатар, өндірілетін әуе кемелерінің 55% астамы Индонезия, Филиппин және Аргентинаға сатылады, деп жоспарлануда.




Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді