Шығыс Қазақстан халқының саны 5 мыңнан астам адамға азайды

http://alau.kz
Көші-қон үрдісі барысында 2018 жылы облыстан 24,5 мың адам кетсе, 11,5 мың адам келіп қоныстанған.

Шығыс Қазақстан халқының саны өткен жылы 5 241 адамға кеміді. Өңірден қоныс аударғандардың саны туу көрсеткішінен басым түсіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл жөнінде облыстық Статистика департаментінің мамандары мәлімдеді.

Көші-қон үрдісі барысында 2018 жылы облыстан 24,5 мың адам кетсе, 11,5 мың адам келіп қоныстанған.

"Алыс шетелдерден өңірімізге 129 адам келген. Атап айтсақ, Қытай Халық Республикасынан Өскемен, Семей қалалары мен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарына тұрғылықты қоныстануға 53 адам келді. Монғолиядан Өскемен, Семей қалалары мен Глубокое ауданына 26 адам қоныстанса, Германиядан 10 адам келген. Ал республиканың басқа өңірлерінен облысымызға барлығы 10,9 мың адам келген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 4,1 пайызға аз", – дейді ШҚО Статистика департаменті Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы Асхат Өмірзақов.

Сайып келгенде, 2017 жылмен салыстырғанда облысқа келгендер саны 4,9%-ға кеміп, кеткендер саны 6,6%-ға артты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін