Павлодар облысы МКД бастығының уақытша міндетін атқарушы пара алды деген айыппен ұсталды

pavlodarnews.kz
Оған "Бір топ адамның алдын ала келісімі бойынша бопсалау арқылы пара алу" бабына сәйкес айып тағылған.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Қуат Белгібаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz баспасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар оның қол астында қызмет ететін Мұрат Жанғазинге да қатысты үй қамаққа алу шарасы қолданылған. Олар пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

- 24-ақпан күні прокуратураның қолдауымен, қылмысты қудалау органдарының өтініші бойынша Павлодардың мамандандырылған тергеу соты Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Қуат Белгібаевқа қатысты екі айға қамауға алу шарасын бекітті. Екінші күдікті, департаменттің бөлім бастығы Жанғазинге қатысты екі ай үй қамаққа алу шарасы қолданылды", - деп хабарлап отыр облыстық соттың баспасөз хатшысы Маржан Құрманғалиева.

Күдіктілерге ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтарына сәйкес (Бір топ адамның алдын ала келісімі бойынша бопсалау арқылы пара алу) айып тағылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз