Түркістан: Қазығұрт ауданында 15 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Самат Мырзалиев
Айта кетейік, бір күнде Қазығұрт ауданында 20 көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 200 мың теңге болатын азық-түлік үлестірілді.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және бақылауға алу үшін тиісті шараларды жүзеге асыруды аудан, қала басшыларына жүктеген болатын.

Бүгінде осы тапсырманы орындау мақсатында Қазығұрт ауданында 15 әлеуметтік дүкен жұмыс іске қосылып отыр. Халық көп шоғырланған ауылдық округтерде орналасқан дүкендер аз қамтылған отбасыларға азық-түлікті нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан бағада сатуда. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға демеушілер есебінен тегін азық-түлік, киім-кешек басқа да тұрмыстық заттар тегін таратылуда.

Айта кетейік, бір күнде Қазығұрт ауданында 20 көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 200 мың теңге болатын азық-түлік үлестірілді. Сонымен қатар, орталықтан "Балақай" әлеуметтік дүкенінде 20-дан астам отбасының мектеп жасындағы балаларына 130 мың теңге көлеміндегі киім кешек ұсынылды.

Одан бөлек, көпбалалы аналар мен аз қамтылған 58 отбасыға 858 мың теңге шамасында көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты