Мамин: Үкімет нақты нәтижелерге бағдарлануы қажет

stan.kz
Осы шаралардың нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға болады - Министрлер кабинетінің басшысы.

Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған Министрлер кабинетінің мүшелері ант қабылдады. ҚР су жаңа премьер-министрі Асқар Мамин министрлердің жұмыстарына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет құрамына алғаш рет кірген білім, ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму және ауыл шаруашылығы жаңа министрлері отырыстан алдын мемелкеттік қызмектердің антын қабылдады.

- Біздің үкіметтің құрамы нақты нәтижелерге қол жеткізетін айқын жұмыстар жасайтын үкімет болуы қажет. Елбасы біздің алдымызға халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, экономиканы одан әрі диверсификациялау және жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнестерді дамыту сияқты нақты тапсырмалар қойды, - деді Асқар Мамин.

Ол мұндай жұмыстың нәтижесінде министрлер кабинеті қазақстандықтадың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізу керек екенін қоса айтты.

- Біздер осындай нақты шаралардың нітижесінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткіземіз. Осы аптада "Нұр Отан" партиясы съезінде адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мен әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған бірқатар жаңа шаралар жарияланады, - деді үкімет төрағасы.

Отырыс соңында ол министрлерді құттықтап, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

- Сіздерді құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс тілеймін,- деп түйіндеді Мамин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады