Сейдахмет "Уфамен" қоштасты

kff.kz
"Қазақ Мессиінің" енді қай клубқа баратыны әлі нақты белгісіз.

Еркебұлан Сейдахметтің Инстаграмдағы қоштасуына байланысты "Уфа" Бас директоры Шамиль Газизов "СЭ" басылымына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Спасибо!@ufafc ❤????

Публикация от Еркебулан Сейдахмет⚽️ (@seidakhmet_e)

Журналистер "қазақтың Мессиі" деп атап кеткен 19 жастағы футболшы "Уфаға" 2018 жылдың ақпанында "Тараздан" келген. 2018/19 футбол маусымында Сейдахмет "Уфаның" негізгі командасында екі ойын өткізді: бір матчты Ресей чемпионатында, екіншісін — Ресей Кубогында ойнап, нәтижелі әрекетімен көзге түспеді.

— Сейдахметтің "Уфадан" кетуі әбден мүмкін, — деді Газизов. — Ол туралы ертең хабарлауға тырысамыз. Бәрі ойдағыдай аяқталса, ол басқа клубқа ауысады.

— Бұл толыққанды трансфер бола ма?

— Жоқ. Аренда болады деп ойлаймын.

— Қазақстанға бара ма?

— Неге тек Қазақстан? Сейдахметке басқа елдердің клубтары да қызығып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады