Алматы облысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзып, салынған айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтау іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық Полиция депатраментінің баспасөз қызметінің мәліметнше, сот орындаушыларымен бірлескен іс-шара өңірдің барлық автожолдарында жүргізілуде. Шара барысында айыппұл салынған көліктерді "Крис-П" жылжымалы фоторадар кешені айқындады.
"Жыл басынан фото-бейнетіркеу камералары арқылы анықталған жол ережесін бұзу деректері бойынша 34 миллионнан астам теңге айыппұл салынған. Белгіленген мерзімде төленген айыппұл шамамен 1 миллион теңге. Осыған орай, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру жүргізілуде. Негізінен, "шектеу қойылған" көліктерді іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ескертуді елемеген көліктер арнайы тұраққа қойылады", - деп хабарлады Әкімшілік полиция басқармасының арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Владимир Кострицын.
Бір күн ішінде "Алматы-Көкпек-Көктал" және "Алматы-Бішкек" автожолында құқық қорғау органдары 100-ге жуық тәртіп бұзушыны анықтап, кейбір көліктерді арнайы автотұраққа жіберді.
"Арнайы тұраққа қойылған тәртіп бұзушының автокөлігі салынған айыппұл санкцияларының сомасы толық өтелгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады", - деп толықтырды полиция өкілі.