"Барыс" 0:4 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып әкетті

youtube.com
"Барыс" ҚХЛ плей-офф сериясының екінші ойнында Нижний Новгородтың "Торпедосын" қабылдаған.

Астаналық "Барыс" хоккей клубы 28 ақпанда өз айдынында Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі екінші ойында Нижний Новгородтың "Торпедосын" қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен өз қақпасына қатарынан 4 шайба жіберіп алған "Барыс" ойыншылары негізгі уақыт аяқталуға 1 минут қалғанда есепті теңестіріп, ойынды овертаймға аударды. Антон Сагадаеев 29-шы минутта, Дмитрий Шевченко 33-ші минутта, Даррен Диц 55-ші және Мэтт Фрэттин 59-шы минутта шайба соқты.

Овертаймда үлкен басымдық байқатқан "Барыс" жеңіске жетті, тең құрамда шабуылшы Роман Старченко жеңіс голын салды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты