Мадуроның ақшасын қазақ ұстап отыр ма – СІМ жауап берді

inosmi.ru
Біз оны анықтап жатырмыз – Ашықбаев.

Мәжіліс қалтарыстарында сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев Мадуроның миллиондары Қазақстан тумасының ресейлік қорында сақтаулы, деген БАҚ-та пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Иә, ондай адам бар екенін біз білеміз. Қазір соны анықтап жатырмыз. Бірақ Bloomberg-те жарияланған ол ақпараттың қаншалықты рас-өтірік екенін де нақты айта алмаймыз, – деген жауап берді журналистер сұрағына Ержан Ашықбаев.

Айта кетсек, ақпан айының соңында Bloomberg басылымы Николас Мадуро мемлекеттік миллиондаған долларды Nurlan Baidilda Ltd қоры басқаратын шоттарда ұстайды, деген ақпарат жариялаған болатын. Басылым дерегінше, Nurlan Baidilda Ltd қалталы адамдардың инвестициясын басқарумен айналысады, әрі оның қожайыны Қазақстаннан шыққан қазіргі Ресей азаматы.

– Nurlan Baidilda Ltd туралы ақпарат өте аз, – делінеді ол мақалада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Халықаралық іздеудегі "атыраулық хакер" Түркияда ұсталып, елге депортацияланды