Астана мен Қазақстанның кей өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

gismeteo.ua
5 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

5-7 наурыз күндері еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана қ. 5-7 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

5 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

6 наурыз күндіз, 7 наурыз тәулік бойы Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, 7 наурызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды