Сәрсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

MosDay.ru
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Синоптиктер 2019 жылғы 06 наурызда Қазақстан аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, жел 15 м/с күтіледі.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі, Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күтіледі.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды