Алдағы тәулікте еліміздің солтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа-райы сақталады

dialog1918.ru
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 13 наурыз күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола, Костанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-22 м/с күшейе түседі.

Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді