Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ол – Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары.

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бұйрығымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мейіржан Мырзалиев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мейіржан Иябайұлы Мырзалиев 1980 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді, 2006 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген. 2016 жылы Дьюк университеті, АҚШ – халықаралық саясат магистрі.

Еңбек жолы:

- Алматы әкімдігі: құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); заң және әкімшілік бөлім жетекшісі (2005-2007).

- ҚР Премьер-министрінің Канцеляриясы: индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009); бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013).

- Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC) (Вашингтон қаласы, АҚШ, 2015): ауыл шаруашылығында бизнесті дамыту тәжірибесі.

- ҚР Премьер-министрінің Канцеляриясы: ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), ҚР премьер-министрінің кеңесшісі (2017).

2017 жылдың қаңтарынан бері Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті