Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті.

Наурыз мерекесіне орай теңіз жағалауына 26 ақ киіз үй тігілді. Әр бір киіз үйдің алдында ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайылып, көпшілікке ұсынылды.Киіз үйлер шағын ауыл түрінде қойылған. Әр киіз үйдің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтары үшін театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Әз-наурызды атап өтуге жағалауға жүз мыңға жуық адам жиналды.

Мерекелік шара 500-ден астам адам қатысқан "Әз – Наурыз-татулық мерекесі!" атты театрландырылған қойылымнан басталды. Маңғыстау әртістері өз қойылымдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтылған қазақ даласында өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың жеті қазынасын көрсетті. Қойылым үш актіден тұратын Ұлы Жібек жолы керуені көрсетілді. Жағалауда ат, түйе, қазақтың тазы иттері мен бүркіттері жүріп өтті.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтады. Аймақ басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Маңғыстауда мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған "Бақытты отбасы" жобасын жүзеге асыру басталғанын атап өтті. Ералы Тоғжанов жағдайы төмен 10 отбасыға 100 мың теңге көлемінде бір реттік көмек табыс етті.

- Наурыз – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен бірліктің, ырыс пен молшылықтың белгісі.Маңғыстауда наурыз айы қайырымдылық айы болып жарияланды. Ақпан айынан бастап өңірде бір қатар қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды. Қалалар мен аудандарда жергілікті кәсіпорындар басшыларының, кәсіпкерлердің қолдауымен 1842 мұқтажға, соның ішінде көп балалы отбасыларға 32 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың әлеуметтікосалтоптарын қолдауға бағытталған "Қайырымдылық керуен" акциясына бастау алып, ол 2019 жыл бойы өткізілетін болады, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, жағалауда қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Құрметті азаматтар мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді және "Ұлыскүні – Ұлыкөш" мәдениет мекемелері ұжымдарының шеруі жергілікті қол өнершілердің жәрмеңкесі, "бауырсақ" жәрмеңкесі ұйымдастырылды, сондай-ақ, қала кәсіпкерлері қонақтарды тәттілер жәрмеңкесімен қуантты. Қала тұрғындары мен қонақтары"асық ату", арқантарту, армрестлинг, дартс, шахмат, қазақшакүрес, гіркөтеру, тоғыз құмалақ сияқты әртүрлі спорт түрлерінен жарысқа қатысты. Іс-шара мерекелік бағдарламамен және облыстың шығармашылық ұжымдарының концертімен жалғасты. Сондай-ақ, жағажайда "Жыр ғұмыр" атты әншілер-термешілердің қалалық байқауы өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: