190 млн теңге салықтан жалтарған күдікті экстрадицияланды

kokshetau.asia
Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратура мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері экономикалық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь мемлекетінен Эдуард Масловты экстрадициялады, деп хабаралайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ол 2016-2017 жылдар аралығында 190 млн. теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Тергеу болжамына сәйкес, аталған қылмысты жасаудың қылмыстық схемасын тұлғалар тобында Қарағанды қаласындағы "ПромСтройИндустрия LTD" ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры бола тұра, алдын ала сөз байласып жасаған, - делінген бақылау органының хабарламасында.

Қылмыстық әрекетінен соң күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынғаннан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Э. В. Маслов Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы