Президент Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы және облыстардың әкімдерімен кездесті

Ақорда
Тоқаев мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланысты жақсартудың маңыздылылғын атап өтті.

"Ақорда" резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жиналыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Жиналысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері қатысуда.

Хабарланып отырғандай, жиналыста мемлекет басшысы Елбасының әлеуметтік әділ мемлекет бағыты жолын ұстануды тапсырды.

- Әсіресе, Президент әкімдерге әлеуметтік әлсіз азаматтарға арналған жалға берілетін 40 мыңнан астам пәтерлерді беруді жылдамдатуды және аталған жұмысты осы жылдың мамыр айынан бастауды тапсырды. Сонымен қатар, Тоқаев халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық сипаттағы жүйелі мәселелерді жедел шешудің маңыздылығына тоқталды, - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Бұдан бөлек Тоқаев мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланысты жақсартудың маңыздылылғын атап өтті.

- Мемлекеттік органдар тарапынан заманауи коммуникациялық арналарды пайдалану арқылы тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігі де айтылды. Сонымен қатар Президент аймақ әкімдерінің тұрақты түрде адамдармен кездесіп, барлық елді мекендерді аралап тұру қажет екендігін де атап өтті, - деп хабарлады Берік Уәли.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды