ШҚО-да тумен шөптің үстін жапқан тұрғын жазаланбайтын болды

on-desktop.com
Болжам бойынша көрнекі зат Тәуелсіздік күніне орай арнайы әзірленген тәрізді.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мемлекеттік ту бейнеленген баннерді қораға пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік рәмізбен мая шөптің үстін жапқан Қалбатау ауылының тұрғыны, баннерді көшеден тауып алғанын айтады.

Шөптің үстінде жатқан Қазақстан туының видеосы әлеуметтік желі арқылы тараған болатын. Ғаламтор қолданушылары, алғашында тудың нақты өзі деп түсініп, қызу талқыға салған болатын. Әйтсе де, ол мемлекеттік тумен қатар, бір шетіне Ақорда мен Бәйтерек бейнеленген баннер болып шықты. Болжам бойынша көрнекі зат Тәуелсіздік күніне орай арнайы әзірленген тәрізді. Сондықтан полиция қызметкерлері, оны кім жасады және мерекеден кейін неге ие болмады деген сұрақтардың жауабын іздестіруде. Дегенмен кәдесіне жаратып, жұрт арасында дау тудырған шаруа жазадан жеңіл құтылды. Себебі, мемлекеттік рәміздің өзі болмағандықтан баннердегі бейне үшін заңға сәйкес айыппұл салуға да келмейді екен.

Әйгерім Нұрғазина, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталмады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз