Алматыда жолаушылар автобустары жүргізушілерінің "қара тізімі" жасалмақ

24 kz
Сонымен қатар тасымалдаушыларға қатысты айыппұлдардың жаңа түрлері енгізілді.

Автобус жүргізушілерінің бірыңғай жалақысы сағатына 750-ден 1100 теңгеге дейін. Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының жолаушылар көлігі кәсіпорынының ассоциациясы жүргізушілердің еңбек ақысының бірыңғай базалық методикасын жасап шығарды. Енді автобус жүргізушілерінің еңбекақысы базалық сағаттық тарифтік мөлшерлемесінен тұратын болады; уақытынан артық, түнгі мезгілдегі жұмыс, мейрам күндеріндегі жұмыстары үшін қосымша төленеді; негізгі жалақыдан бөлек 25%-дан 50%-ға дейінгі сыйақылар жүреді.

- Тарифті мөлшерлеме автобустардың сыйымдылығына байланысты бекітіліп, оның көлемі жұмыс сағатына 750-ден 1100-ге дейінгі аралықты құрайды. Ал сыйақылар еңбек, бағыттық тәртіп, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеттілігіне қарай төленетін болады. Орта есеппен алғанда, жүргізушілердің айлығы 198 мың теңге көлемінде, – деді Алматының қалалық мобильдігі басқармасының басшысы Сағындық Телібеков.

Сондай ақ Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің есептік реестрі жасалды. Оны avtopark-almaty.kz сайтынан қарап білуге болады.

- Базаға 3416 жүргізушінің мәліметі енгізілді (жұмыс орны, еңбек өтілімі, құқықбұзушылықтарының бар-жоғы, айыппұлдар, жолаушылардың пікірлері, автопарк әкімшілігінің мінездемесі). Осы мәліметтерге сәйкес жүргізушілердің рейтингі жасалып, соған қарай жүргізушілердің "қара тізімі" жасалмақ. Бұдан бөлек, жолаушылар сайтта жүргізушінің жұмысына қатысты пікірлерін қалдыруға да болады, – деді Телібеков.

Алматыда қалалық бағыттардағы қоғамдық көліктердің жартысынан көбі субсидияланады - тасымалдаушылардың шығындары бюджет есебінен қайтарылып отыр. Былтырғы жылы заң бұзушылықтары үшін тасымалдаушылардан 597 млн теңге ұсталған. Енді 2019 жылдан бастап айыппұлдардың жаңа түрлері енгізілді - әрбір заң бұзушылық үшін 0,2%.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз