Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

lada.kz
Ақтаудан Шымкентке ұшқан тікұшақ 27 наурызда Қызылорда облысында құлады.

Ақтаудан ұшып шығып, Қызылорда облысының аумағында апатқа ұшыраған тікұшақ ішінде болған үш экипаж мүшесі мен тоғыз әскери қызметкердің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz "Лада-ға" сілтеме жасап.

Басылым ақпаратынша, оқиға орнында экипаж командирі Роман Петрович Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі А.Б.Айтбаев және борттағы техник, майор Тимур Әділқанұлы Құдайбердиев қаза тапты.

Қаза тапқан жолаушылар қатарында: майор Қонырбай Д.А.; капитан Масалим С.М., аға сержант Шарипов М.Р.; кіші сержант Абдулманов А.Т.; аға лейтенант Рахимбаев Г.К.; евфрейторлар Байбаков Б., Джуматов М.А., Әбділдинов А.Т., Сарқытбаев К.

17:50-де тікұшақ Крайний аэродромынан Шымкент аэродромына ұшып шыққан. 18:30-да Жалағаш елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 15 шақырымдай жерде №28 бортпен байланыс үзілгені туралы ақпарат келіп түскен. Борт Ақтаудан 09:03-да, Бейнеуден 12:36-да ұшып шыққан. 16:19-да Крайнийге келген.

Тікұшақ төрт әскери тікұшақ звеносы құрамында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан. Тікұшақтардың ұшуы арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" атты кешенді тексеруі мен жаттығуы аясында түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, оқиғаны тергеуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді