Дариға Назарбаева әскери тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Сенаттың баспасөз қызметі
Абыроймен қызмет атқарған айбынды сарбаздардың есімі еліміздің жадында сақтала береді - Назарбаева.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қызылорда облысында апатқа ұшыраған Қорғаныс министрлігі әскери тікұшағының қаза тапқан экипаж мүшелері мен әскери қызметшілердің отбасылары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында абыроймен қызмет атқарған айбынды сарбаздардың есімі еліміздің жадында сақтала береді. Марқұмдардың жандары жәннатта, имандары саламат болсын", - делінген Д.Назарбаеваның жеделхатында.

2019 жылдың 27 наурызында ҚР ҚМ Әскери әуе күштерінің тікұшағы құлады.

Тікұшақ бортында 13 адам болған.

Ол тікұшақ төрт әскери тікұшақ звеносы құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына ұшып бара жатқан. Тікұшақтардың ұшуы арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" атты кешенді тексеруі мен жаттығуы аясында түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?