ҚР Қорғаныс министрі тікұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

YouTube
Қазақстан Қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшысының тапсырмасымен авиаапаттың себептері мен мән-жайын тергеу, тексеру басталды.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери тікұшақ апатына байланысты қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, болашақта осындай оқиғаларға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын арнайы бейнежолдау арқылы жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылғы 27 наурызда Қарулы күштер әскери тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жоспарланған "Алтын жебе" оқу-жаттығу барысында, әскери борышын орындау кезінде тікұшақ бортында болған 13 әскери қызметші қаза тапты.

Оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тез арада жіберілді.

Қорғаныс министрлігінің ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан әскери қызметшілер өз әскери борышын адал орындады, деді Қорғаныс министрі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды