ҚР Тұңғыш Президентінің кеңесшісі тағайындалды

kabar.kg
Ол Әділ Тұрсынов болды.

ҚР Тұңғыш Президентінің шешімімен Әділ Тұрсынов оның кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, - делінеді Ақорда сайтында.

Тұрсынов Әділ Қапанұлы 1973 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

· ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында референт, атташе (1994-1996);

· ҚР Үндістан Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, ҚР Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы (1996-1999);

· ҚР СІМ Дипломатиялық академиясында тыңдаушы (1999-2001);

· ҚР СІМ түрлі басшылық қызметтерде болды (2001-2004);

· ҚР Сингапурдегі істерінің уақытша Сенімді өкілі (кеңесші-елші) (2004-2008);

· ҚР Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2008-2009);

· ҚР СІМ Еуропа Департаментінің директорі (2009-2012);

· ҚР Грузиядағы істерінің уақытша Сенімді өкілі, ҚР Грузиядағы кеңесші-елшісі (2012-2014);

· ҚР СІМ ТМД Департаментінің директоры (2015-2016);

· ҚР Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (05.2016 бастап).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды