Бейнебақылау жүйесі – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде полицияның басты көмекшісі

pixabay.com
Бейнебақылау камераларының көмегімен 30 астам қылмыс ашылып, 4 500 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов бейнебақылау жүйесінің полиция қызметкерлеріне қаншалықты көмек бола алатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 968 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 871-і облыс орталығының қоғамдық тәртібін бақылайды. Биыл тағы да 300 бейнекамера орнату жоспарланып отыр. Олар, негізінен, Қапшағай қаласында, Қарасай және Панфилов аудандарында жұмыс жасайтын болады.

Облыстың бас полицейі бейнебақылау камераларының көмегімен 30 астам қылмыс ашылып, 4 500 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелгенін атап өтті.

"Көршілер бақылауы" профилактикалық бағдарламасы шеңберінде облыс көлемінде алты мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық тәртіпті қорғауға "Жалын" студенттер тобы өз үлесін қосуда. Олар аптасына екі рет облыс орталығын тәртіп сақшыларымен патрульдеуге шығады",- деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, полиция генерал-майоры М. Ұрұмханов қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алуға қатысты кез-келген мәселені шешуге қолдау көрсетіп отырған облыс басшылығына алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз