Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында 300 жуық жүк көлігі жиналып қалды

Novinite.ru
Барлық өткізу пункттері күнделікті тәртіп бойынша жұмыс істеуде.

Қазақ-қырғыз шекарасында 300 жуық ірі жүк көліктері жиналып қалды. Бұл туралы КирТАГ Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғам және БАҚ-пен байланыс бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, 2019 жылғы 1 сәуірде қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы учаскесінде "Ақ-Тілек-автожолы" өткізу пунктінде 223 ірі жүк көлігінің кезекте тұрғаны тіркелді. 31 наурыз күні кештен 1 сәуір аралығында аталған бекетті 158 жүк көлігі кесіп өткен, оның 84 халықтық қолданыстағы тауарлар тиеген автокөліктер болса, тағы 74-і бос жүк көліктері екен.

"Чон-Капа-автожолы" өткізу пунктінде 60-70 жеңіл және 25-30 жүк көлігі жиналып қалған.

Аталған жайтқа Қазақстан жағының жүктерді егжей-тегжейлі тексеруі себеп болған. Бұл Қазақстан Республикасының өткізу пунктінде көлік құралдарын тексеру жұмыстары көп уақыт алады деген сөз, - деп атап өтті ҚР МШҚ.

Қырғызстандық "Ақжол", "Чалдыбар", "Токмок" және"Кен-Булун" өткізу пункттерінде азаматтар мен автокөліктер кезегі жоқ. Барлық өткізу пункттері күнделікті тәртіп бойынша жұмыс істеуде,

29 наурыз күні шекарада 140 астам фураның жиналып қалғандығы жайлы хабараланған болатын. Қазақстанның Қаржы министрлігінде қазақ-қырғыз шекарасында автокөліктердің жиналып қалу себептерін түсіндерген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды