Талдықорғанда Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болғандарға мемориал тұрғызылмақ

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
27 наурызда орын алған апатта қаза болған 13 әскери қызметшінің 8-і Алматы облысының тумалары еді.

Жетісулықтар Талдықорғандағы Орталық алаңға жиналып, "Алтын жебе" әскери жаттығуы кезінде тікұшақ апатынан қаза болған кіші сержант Абдулманат Асхат Төкенұлын ақтық сапарға шығарып салуға арналған қаралы митингке қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік тарапынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына заңнамада белгіленген барлық кепілді көмектер көрсетіледі. Қажетті моральдық-материалдық, психологиялық қолдаулар жасалады. Гарнизондардың басшылары қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларын қамқорлыққа алып, олардың балаларын оқыту, әлеуметтік мәселелерін шешу шараларын атқарады.

Қаза болғандарды мәңгі есте сақтау үшін мемориал тұрғызу жоспарлануда.

Ал облыс әкімдігі тарапынан батыр ұлдардың аттарын мәңгіге сақтап, ұрпаққа үлгі ету, артында қалған балаларына қамқорлық жасап, қаза болған жетісулық азаматтардың отбасыларына 1 млн теңгеден көмек көрсету, оларды жерлеу рәсімдері және отбасыларына қажетті көмекті үнемі көрсетіп тұру жұмыстары атқарылады.

Осы апатта мерт болған сержант Нұрсапанов Қайрат Әубәкірұлы мен аға сержант Шәріпов Мұрат Рызбекұлы Алакөл ауданында, ефрейтор Сарқытбаев Қуаныш Мейрамғалиұлының денесі Кербұлақ ауданында жер қойнына тапсырылды.

Естеріңізге салар болсақ, 27 наурызда орын алған апатта қаза болған 13 әскери қызметшінің 8-і Алматы облысының тумалары еді.

Марқұмдардың туғандарының қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреміз!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді