Мемлекет басшысы ҚР АШМ жұмыстарының нәтижелерімен танысты

Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады.

Мемлекет басшысына министрлік жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті және қайта өңделген өнімнің экспортқа шығарылуын арттыру үшін министрліктің алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылға дейін техникалардың жаңартылу қарқынын 2-ден 6 пайызға және суармалы егіншілік жерлерін 1,4 миллионнан 2 миллион гектарға арттыру, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық жүйесінің кешенін пайдалану, егістік алқаптарын әртараптандыру, тұқым сапасын жақсарту, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ірі қара малдың тұқымын зерттеу және қайта асылдандыру үшін заманауи технологияны енгізу, отбасылық мал шаруашылығын құру және пайдаланылатын жайылымдардың көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті