Медбикелер 1 маусымнан бастап қанша жалақы алады

mir24.tv
1 маусымнан бастап 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

"Бюджет саласының төмен жалақы алатын барлық қызметкерлерінің айлығы көтеріледі. Денсаулық сақтау жүйесінде олар: медбикелер, өзге де төмен жалақы алатын қызметкерлер, санитарлар, бірінші кезекте жұмысшылар және басқалар. Еңбек өтілі ескерілгенде оларға қанша жалақы аударылатын көреміз және оған 30 пайыздық үстемеақы қосылады", - деді ол.

Осы орайда министр нақты мысал да келтіріп өтті.

"Мәселен, егер санитар 50 мың теңге алатын болса, жалақысы көтерілгеннен кейін қолына шамамен 65 мың теңге түседі. Егер медбикенің орташа жалақысы шамамен 75 мың теңге болса, онда ол шамамен 99-100 мың теңге алады. Бұған қоса, ақылы қызметтер көрсету мүмкіндігі шектелген салалардағы медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін бұл санаттағы дәрігерлердің де жалақысын көтереміз. Олар: емхана, жедел жәрдем, ана мен бала, туберкулез, онкология дәрігерлері", - деді Е.Біртанов.

Жалпы, оның дерегінше, 1 маусымнан бастап медицина саласында жұмыс істейтін 225 мың адамның жалақысы 30 пайызға артатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді

Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

"Үсік жүріп, тұман түседі". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды