Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Баспасөз қызметі
Бұл лауазымға Асқар Мұратұлы келді.

Бүгін, 3 сәуір күні, өңір басшысы Ермек Маржықпаев аппараттық кеңесте облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің ағымдағы жылғы 3 сәуірдегі өкімімен Асқар Мұратұлы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Асқар Мұратұлы, 1976 жылы туған, Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша және Гончаров ат. Қазақ автомобиль жолдары университетін инженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары «Қазақавтожол» РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып істеді.

2007-2012 жылдары Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары болып істеді.

2012-2015 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2015-2017 жылдары Зеренді ауданының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды