Әуе апатынан қаза тапқан әскерилер отбасына бес жылдық жалақы беріледі

zakon.kz
Сонымен қатар, заң заңда тиісті жеңілдіктер көзделген.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқан офицерлердің отбасына бес жылдық ақшалай жәрдемақы жасалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Бес жылдық ақшалай көмек жасалады, әскери қызметкердің ай сайын алып келген жалақысы бес жылдық мөлшерде бірден төленеді. Әрбір отбасыға, мұрагерлеріне. Қазір тиісті есептер жасалуда. Бұрын айтқанымыздай, бастапқы қызметтердің жалақысы орташа есеппен 140 мың теңгеден басталады, келісімшартпен қызмет ететіндердікі азырақ – 60-70 мың теңге. Біз әріптестеріміздің отбасын қараусыз қалдырмаймыз. Заңда әскери қызмет ету кезінде қаза тапқандардың балалары үшін әскери оқу орындарына түсуге жеңілдіктер беру көзделген. Егер отбасында әскери қызметкер қаза тапса, оның інілері әскери қызметке шақырылмайды деген норма да бар, – деді Талғат Мұхтаров.

Ол қорытындылардың бәрін тергеу нәтижесі бойынша комиссия шығаратынын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы