Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде алғаш рет Мәскеуге келді

РИА Новости
Қарсы алу салтанатты шарасының барысында екі мемлекеттің ән ұраны шырқалды - алдымен Қазақстандікі, сосын Ресейдікі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы Мәскеуге келді. Ол "Внуково-2" әуежайына мәскеулік уақытпен сағат 11:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00) қонды, деп хабарлайды Zakon.kz РИА-Новости басылымына сілтеме жасап.

Тоқаевты ұшақ алдынан РФ сыртқы істер министрлігі протоколы департаментінің бастығы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды. Ресей делегациясы жағынан қарсы алушылар ішінде Ресейдің Қазақстан Республикасындағы елшісі Алексей Бородавкин болды.

Қарсы алу салатанатты шарасының барысында екі мемлекеттің ән ұраны шырқалды - алдымен Қазақстандікі, сосын Ресейдікі.

Президент Тоқаев қарсы алған ресми тұлғалардың қолын алды.

Тоқаев Ресей президенті Владимиром Путинмен келіссөздер жүргізеді. Онда екі жақтың қарым-қатынасы, сондай ақ еуразиялық кеңістіктегі интеграциялдық процесстерді жылжыту мәселелері талқылантын болады,

Мәскеу комсомолының хабарлауынша, бейсенбі күні Тоқаев Федерациялық кеңестің басшысы Валентин Матвиенкомен кезедеседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды