Жұма күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады

gismeteo.ua
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 5 сәуір күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, солтүстік-шығыста және оңтүстіктің кей жерлерінде жаңбыр қатты жауады.Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте көктайғақ ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай,тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы ​​облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды