Алматылық ғалымдар экологиялық жобаны қолға алды

ашық дереккөзден
Оңтүстік астанадағы ауа бассейні ластану деңгейі жоғары аймақтарда арша, емен, үйеңкі, акация, бозарша және сирень ағаштарының көшеттері отырғызылады.

Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары бірегей экологиялық жобаны қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан мәлімдеді.

Қыздар университетінің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға университеттің белгілі түлектері мен ұжымының қатысуымен жүзеге апақ.

– Жоба барысында оңтүстік астанадағы ауа бассейні ластану деңгейі жоғары аймақтарда арша, емен, үйеңкі, акация, бозарша және сирень ағаштарының көшеттері отырғызылады. Бұл өскіндер университеттің Жаратылыстану факультетінің базасындағы арнайы зертханада ең арзан әдістеме арқылы өсіріліп, күтіп-бапталған, – деп атап өтті Жандар Асан.

Бұған дейін Алматы қаласындағы Медеу шатқалында 1000-нан астам ағаш отырғызылған болатын. Енді аталған шара қаланың өзге де аймақтарында жүзеге асырылмақ. Бірегей жоба болашақта еліміздің аумағында күтілетін қуаңшылық, аптап ыстық пен табиғи апаттардың алдын алуға септеседі және жастарды экологиялық патриотизмге тәрбиелейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді