Әкесі сияқты мансабы өседі: Сапарбаев ұлының қызметтік тағайындалуына қатысты пікір білдірді

rezonans.kz
Мемелекеттік қызметкердің мансабы – бұл жас жігіттің өз таңдауы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баспасөз конференциясында ұлы Жансұлтанның Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Менің ұлым Қазақстан азаматы ретінде Конституцияға сәйкес толық құқылы. Бұл оның таңдауы. Ол өз бетінше өмір сүретін адам, - деді министр.

Сөз арасында ведомство басшысы ұлының карьерлік өсуіне ешқандай ықпал етпегінін және бұл жайтқа мүлде қатыспайтынын айтты.

- Менің қатысушылығыма байланысты - менің ешқандай қатысым жоқ. Ондай әдетім де жоқ. Мемлекеттік қызметті өзі таңдады. Барлығы оның жұмыс істеуіне байланысты. Жақсы жұмыс жасаса - әкесінікі сияқты мансабы өседі, - деп түсіндірді Сапарбаев.

Еске сала кетейік, Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол 1991 жылы 8 сәуірде дүниеге келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды