Алматы жұртшылығы Қажымқан Мәсімовты ақтық сапарға шығарып салды

ҚазАқпарат
Қажымқан Мәсімов 80 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Алматы жұртшылығы қоғам қайраткері, Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіптік палатасының төрағасы Қажымқан Мәсімовты бақилық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоштасу рәсімі ҚР Ғылым академиясы ғимаратында өтті. Қаралы жиынға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қайрат Келімбетов, Ғани Қасымов қатысты.

Қала әкімі Бауыржан Байбек ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.

"Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Әкеңіздің мезгілсіз дүниеден қайтуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Ол кісі кәсіпкерлік қызметпен айналысып, Қазақстан экономикасына өлшеусіз үлес қосты. Ол бар білімін елінің бақуатты болуына арнады. Топырағы торқа болсын!", - деп жазылған Президент жеделхатында.

Одан бөлек, жиналған халық алдында белгілі ғалым Мұрат Жұрынов, мемлекет қайраткері Қанат Саудабаев, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко сөз сөйледі. Сонымен қатар, Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, облыс әкімдері мен Түркия үкіметінің өкілдері көңіл айтты.

Қажымқан Мәсімов 80 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты