Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға сапар жасайды

Ақорда
Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

14-15 сәуір күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді