Қостанайда салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкер анықталды

poland2day.com
Олар салық ретінде төленетін 53 млн теңгеден астам қаражатты жасырып қалған.

Қостанай көлік прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік кіріс органдарына өзінің тауар айналымы туралы мәліметтерді ұсынбаған, 53 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

- Осы ретте бизнес субъектілері темір жол көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді пайдалана отырып, салық салынатын тауарларды сатқан. Мысалы, облыс кәсіпорындарының бірі салық декларациясында 263 млн. теңге сомасына астық өнімдерін сатқанын көрсетпеген. Нәтижесінде төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасы 21,9 млн. теңгені құрады, - делінген Бас прокуратураның сайтында.

Бақылау органының қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлер өздерінің салықтық міндеттемелерін толық көлемде орындады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес