Тоқаев Қазақстандағы корейлерді қолдауға уәде берді

Ақорда
Қазақстан Президенті ел аумағында тұрғып жатқан корей этностарын дамытуға бұдан ары да жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.

Қазақстанда ұлты корей 100 мыңнан астам адам тұрады. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


– "Біздің мәдени-гуманитарлық байланыстарымыздың рет-ретімен ілгерлей түсуіне Қазақстанда тұрып жатқан корей ұлтының азаматтары маңызды үлес қосады. Өзіңіз де білетіндей, корейлер Қазақстандағы он ең ірі этностардың қатарына кіреді. 100 мыңнан астам корей тұрып жатыр", – деп атап өтті ҚР Президенті.

Осы ретте Қазақстан Президенті ел аумағында тұрғып жатқан корей этностарын дамытуға бұдан ары да жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.

– "Біз өз тарапымыздан, Үкімет тарапынан бауырлас корейлердің ұлттық өзіндік ерекшеліктерін қолдайтын боламыз", – деді Қ.Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы