Талдықорғанда Кёкушинкай каратэден "Жас жауынгер" турнирі өтті

Zakon.kz
Жүлделі орын алған спортшы ұл-қыздар мамыр айында өтетін аймақтық турнирге жолдама алды.

Алматы облысында Кёкушинкай каратэден "Жас жауынгер" клубаралық турнир өтті. Аталған турнирге 4-9 жас аралығындағы каратэктер қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

190 қатысушы бақ сынаған жарыста жалпыкомандалық есепте Үштөбе қаласындағы "Панда" клубы бас жүлдені иеленді.

"Турнирге Талдықорған қаласы, Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарының ұландары қатысты. Жүлделі орын алған спортшы ұл-қыздар мамыр айында өтетін аймақтық турнирге жолдама алды. Облыс намысын қорғауы үшін жаттығуды күшейтетін боламыз",- деді Бүкіл қазақстандық Кёкушинкай каратэ ұйымының Алматы облысындағы жетекшісі Сания Қасабаева.

Жетісуда өтетін аймақтық турнирге Алматы және Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қарағанды облыстарының спортшылары келеді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз