"Nur Otan" партиясының XIX кезектен тыс сьезі басталды

Егемен Қазақстан
Бұл сьезде "Nur Otan" партиясының атынан президент сайлауына қатысатын кандидат аталады.

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында "Nur Otan" партиясының XIX кезектен тыс сьезі басталды. Бұл сьезде "Nur Otan" партиясының атынан президент сайлауына қатысатын кандидаттың есімі аталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуды тапсырды. Партия президент сайлауына өз кандидатын ұсынуға дайын, оның есімін партияның XIX сьезінде партия төрағасы атайды. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ұсынысын негізге ала отырып ел президенттігіне біздің партиямыздың атынан кандидат шығару – "Nur Otan" партиясының Елбасының бағытына берік екенінің жарқын белгісі, – партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті салып берген бағыттың сақталуының кепілі. Президенттік сайлауға түсетін өз кандидатын таңдау арқылы партия экономика, әлеумет, саяси, руханият және басқа да салаларда Елбасы бастаған ауқымды трансформацияларды сақтап қана қоймай, оны үдете түспек. Партияның алдағы кезеңдегі жұмысының басым бағыты осы.

9 маусымда Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы 9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған болатын.

Қазірге дейін ОСК-на жалғыз кандидат – Сәдібек Түгел құжат тапсырған. Оны "Ұлы Дала Қырандары" республикалық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді