Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК құжаттарын тапсырды

Sputnik Казахстан
Орталық сайлау комиссиясына Тоқаевтың Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы құжаттары берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК Қазақстан президентіне үміткер ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес "Nur Otan Партиясы" Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құжаттарын ұсынды, - делінген ОСК сайтында.

Тапсырылған құжаттар тізімі:

1. "Nur Otan Партиясы" Қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

23 сәуірде "Nur Otan" партиясының XIX кезектен тыс сьезінде ҚР Президентінің сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды. Аталған ұсынысты партия мүшелері бірауыздан қолдады.

Сайлау 9 маусым күні өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді